Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте ер адамнан 3 келі “синтетика” тәркіленді

Шымкентте ер адамнан 3 келі “синтетика” тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Шымкент полицейлері есірткі өткізушіні құрықтады. Ер адамнан аса ірі мөлшерде “синтетика” тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына  сілтеме жасап.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өткізілген арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды өткізумен айналысып жүрген тұрғынды анықтады. Полицейлер түнгі уақытта Абай ауданының аумағында 24 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Кинология орталығының қызметтік итінің көмегімен Toyota Camry көлігінің жүк салғышынан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заттары бар скотчпен оралған үлкен пакет табылды. Сонымен қатар жүргізушінің телефонынан есірткі құралдары жасырылған орындардың координаттары анықталды.

Сараптама қорытындысымен, тәркіленген зат аса ірі мөлшерге жататын, салмағы 3 келіні құрайтын мефедрон синтетикалық есірткісі екені дәлелденді. Белгілі болғандай, ұсталған ер адам автокөлікті есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу мақсатында уақытша жалға алған. Ұсталған азамат ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен күдікті деп танылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда осы жайт бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті