Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда көмір өндірудің көлемі артуда

Қазақстанда көмір өндірудің көлемі артуда
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен бекітілген. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі көмір өнеркәсібі саласына басшылық ете отырып мемлекеттік саясатты іске асырады.

Энергия өндіруші және өнеркәсіп кәсіпорындарының, бюджеттік ұйымдардың және халықтың көмір өніміне қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында көмір химиясына кезең-кезеңімен көшумен көмір өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін арттыруға жұмыс жасалуда.

Жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технологияның іске қосылуы күтілуде. Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі көмір экспортының үлесі 26-28%  құрайды. Соңғы бес жылдағы көмір экспортын талдау экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатқа ие екендігін көрсетеді.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн.тоннадан 8,5 млн. тоннаға дейін) ұлғайды.

Бұл, ең алдымен, Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына байланысты. Осылайша, отандық жер қойнауын пайдаланушылардың экспорттық әлеуеті сұранысқа сай арта түсетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты