Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның көмір өнеркәсібінің II форумы өтті

Нұр-Сұлтанда Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі аясында Қазақстанның көмір өнеркәсібінің II форумы өтті. Бұл форум жаңа экологиялық реттеу жағдайында көмір саласын дамыту мәселелеріне арналған. Форум спикерлері ретінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев, ТМКҚ атқарушы директоры Николай Радостовец, "Қазкөміртек" салалық кәсіптік одағы" ҚБ төрағасы Марат Миргаязов, сондай-ақ көмір кәсіпорындарының басшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бүгінгі таңда еліміздің көмір саласы электр энергиясының шамамен 70%-ын өндіріп, кокс-химия өндірісінің толық жүктемесін қамтамасыз етеді. Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен ел халқының отынға қажеттілігін толық қанағаттандырады. Салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Көмір қоры бойынша Қазақстан көшбасшы елдердің ондығына кіреді. Қор көлемі 33,9 млрд.т. құрайды, барланған көмір қорының 90%-дан астамы Қазақстанның солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде шоғырланған. Тәуелсіздік жылдары көмір өндіруші кәсіпорындар 2,7 млрд. тоннадан астам көмір өндірді. Шамамен 0,8 млрд.тонна жақын және алыс шетелге экспортталды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев өз сөзінде Министрлік үшін ішкі нарықты, оның ішінде халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

"2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еліміздің көмір өндіруші компаниялары 79,1 млн.тонна көмір өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% - ға көп. Бүгінгі таңда коммуналдық-тұрмыстық сектор бойынша көмір қорымен қамтамасыз ету 96% , тұрғындарды қамту 84,4%-ды құрайды. Яғни жағдай тұрақтанды. Барлық өткізу пункттерінде жеткілікті мөлшерде көмір бар", - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, вице-министр көмір саласында іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Ірі жобалардың бірі - "Богатырь "кесігінде көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы". Ол кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 42 млн.тоннадан 48 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті одан әрі әртараптандыру мақсатында "Шұбаркөл көмір" АҚ-да арнайы кокс, көмір шайыры мен май өндіретін жаңа зауыт салу жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ "АрселорМиттал Теміртау " АҚ көмір қабаттарынан метаннан электр-жылу энергиясын өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Өз баяндамасының соңында вице-министр елдің көміртекті бейтараптылығының таңдалған бағдары және экономиканы терең декарбонизациялау Қазақстанда көмірді терең кешенді қайта өңдеу жобаларын іске асыратынын және көмір химиясы саласын дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Бұл Қазақстанның көмір әлеуетін пайдалану тиімділігіне елеулі әсер етіп, экологияны жақсарту арқылы көмірдің рөлін арттырады.
Өз кезегінде, көмірден сұйық және газ тәрізді отын алу жағына қарай даму стратегиясын қайта қарау қажет. Министрлік жоғары қосылған құны бар өнімдерді алу үшін көмірді терең кешенді өңдеуге бағытталған саясатты қолдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді