Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы төмендетті
Фото: polisia.kz

Сонда да қаржы саласын реттейтін орган ішкі экономикада инфляция қысымы сақталып отырғанын ескертеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің хабарлауынша, жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жеткен. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болған. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасып отыр. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталады.

– Жылдық инфляция 2023 жылғы желтоқсанда 9,8%-ға дейін төмендеді. Ұлттық банктің болжамына сәйкес келді. Баға өсімінің баяулауы жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, азық-түліктің әлемдік бағасының және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты. Айлық инфляция орташа жылдық мәндерінен (0,7%) біраз жоғары қалыптасып, 0,8% болды. Тұтынушылық бағалардың орнықты бөлігін сипаттайтын базалық инфляция желтоқсан айында аздап жеделдеді. Жалпы алғанда, базалық және маусымдық факторларды ескермейтін инфляция көрсеткіштері бірнеше ай бойы тұрақты болып отыр. Бұл ретте олар әлі де белгіленген таргеттен жоғары. Жалпы инфляцияны 5%-ға дейін сенімді түрде төмендету үшін 2025-2026 жылдары оның орнықты бөлігін одан әрі баяулату қажет, – делінген ҰБ хабарламасында.

Проинфляциялық тәуекелдер инфляциялық күтулердің тұрақтанбауына, фискалдық импульстің ықтимал күшеюіне және тұтынушылық кредиттеудің жоғары өсуіне байланысты. Сонымен қатар ықтимал тәуекелдер төмен өнім нәтижесінде азық-түлік бағасының динамикасындағы белгісіздікке және реттелетін бағалар саласындағы реформалардың аяқталмауына байланысты. Сыртқы секторда негізгі сауда-серіктестердің бірі – Ресейдегі жоғары инфляцияға байланысты тәуекелдер әлі де бар.

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі биыл 23 ақпанда жарияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді