Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекеме қызметкерлеріне айыппұл салынды

Таразда көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекеме қызметкерлеріне айыппұл салынды
Фото: polisia.kz

Тараздық полицейлер облыс орталығындағы көшелерді қардан тазартпаған коммуналдық мекеме қызметкерлеріне айыппұл салды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізіп жатыр. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себуді жүзеге асыру.

Егер рейдтік шаралар барысында полицейлер қандай да бір бұзушылықтарды анықтаса, онда оларды жою жөніндегі нұсқамаларды жауапты қызметтерге жібереді, олар жуық арада кемшіліктерді түзетуге тиіс. Алайда мердігерлік мекемелер әрдайым өздеріне қатысты жұмысты толық көлемде орындай бермейді.

Тараз қаласының автомобиль жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етіп отырған кемшіліктерді анықтады.

Жол бойындағы қар үйінділері және жолдың тарылуына әкеп соқтыратын қарды толық тазаламау, жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі және жол жиегіндегі үйілген қар жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіріп отыр.

Осы кемшіліктері үшін мердігерлік мекемеге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Лауазымды тұлғаға қатысты 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін барлығы 8 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады