Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды

Астанада Бурабайға жаңа жылдық арнайы пойыз аттанды
Фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінен

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл – ҚР Туризм және спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы.Ерекше пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік атмосфера сыйлау үшін іші де, сырты де жаңа жылға сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз Ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстайды. Мерекелік безендірілген пойыз құрамы жаңа жылдық демалыс маусымы аяқталғанға дейін қатынайды.
«Биыл екінші жыл қатарынан жаңа жыл қарсаңында ҚТЖ-мен бірлесіп брендтелген туристік пойызды іске қосып отырмыз. Мұндай пойыз жолаушыларға мерекелік атмосфераны сыйлап қана қоймай, туристерді де тартуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.
Айта кетейік, былтырғы жаңа жылдық электр пойызымен 16 мыңнан астам жолаушы тасымалданған.Мерекелік пойыз құрамы 28 желтоқсаннан бастап аптасына бес рет қатынайды. Елордадан Бурабай курортына пойыз Нұрлы жол вокзалынан таңғы сағат 06:12-де жөнелтіледі. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін пойызға Астана-1 вокзалынан да отырғызу қарастырылған. Бұл жерге экспресс пойыз таңғы сағат 06:37-де келіп, 07:00-де жүріп кетеді.Туристік пойызды іске қосу аясында ҚР ПІБ «Бурабай даму» ЖШС ерекше рейстің кестесіне сәйкес қысқа тур қалыптастырды. Жаңа жылдық тақырыпты жалғастыру мақсатында Бурабайдағы Санта резиденциясына барып, Бурабайландта таңғажайып күн өткізу ұсынылады. Мұнда бұғы немесе ит жегілген арбамен, квадроциклмен, қарда жүретін көліктермен серуендеуге, атқа мінуге болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты