Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы құрықталды

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы құрықталды
Фото: бейне скриншот polisia.kz

Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Байзақ ауданында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзі малшы болып жұмыс істейтін шаруа қожалығына жақын маңда ірі көлемде есірткі жасырған. Аумақты тексеру барысында пакеттерге салынған 2,8 келі кептірілген марихуана жасырылған орын табылды.

Айтуынша, тыйым салынған заттарды өзі бір жыл бойы тұтыну үшін жинаған. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болып шықты. Атап өту керек, малшы 200 жылқыдан тұратын табынға жауапты болған.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады