Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіледі

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіледі
Фото: polisia.kz

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш есірткісін тәркіледі, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Түнгі сағат 03.30 шамасында полиция қызметкерлері қалаға жақын маңдағы ауылдардың бірінің маңынан 38 жастағы азаматтың басқаруындағы жеңіл автокөлікті ұстады.

Көлікте 41 жастағы жолаушы болған. Автокөліктің Жамбыл облысы Шу қаласынан келе жатқаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен ірі көлемдегі есірткі заттары анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктілердің әкеле жатқан заты 146 келі марихуана және 94 келі гашиш екені белгілі болды. Оларға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді