Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атамбаевтықтар жазғы су желісін сұрайды

ҚР Парламенті мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы жақындап, үгіт-насихат жұмыстары өз мәресіне жетуге таяу.

«Nur Otan» партиясының Махамбет аудандық филиалының сайлауалды штабының бекіткен кестесіне сәйкес кандидаттар шалғай ауылдарды аралап, сайлаушылармен кездесуде. Аудандық мәслихат депутататтығына үміткерлер Марат Мырзашев, Ақтұрлан Ерманов, Еркебұлан Кенжеғалиев, Айнагүл Рамазанова, Айзада Байғалиева және Ару Аманғалиева бастаған «Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтоғай ауылдық округіне қарасты Атамбаев ауылында болды.

 
Бір кездері клуб, медпункті болған ауылда қазіргі күні халық саны азайып, біразы қалаға көшіп кеткен. Себебі ауылға апарар жолы мен Жайықтың бойын жайласа да жазғы су желісі жоқ, байланыс нашар. Бірақ, ауызды қу шөппен сүртуге де болмас. Көгілдір отыны мен жарығы келіп тұр. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырған нұротандықтар тұрғындардың айтар уәждеріне, ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

 
- Біздерге ең бірінші керегі – ауыз су. Содан кейін – жол. Мал бағып, шаруамызды реттеп отырғаннан кейін үйдің жанынан егінімізді салып, қосымша кәсіппен де айналысқымыз келеді. Жайықтың жағасында отырсақ та су құбырының тартылмай, жазғы су желісінің келмеуі қолбайлау болып тұр. Үгіт-насихат жұмысын жүргізгендер арасындағы белсенді кәсіпкерлер су мәселесін шешуге уәде берді. Сайлауалды бағдарламасына енбесе де өз тараптарынан ауылдың мәселесін шешіп жатса нұр үстіне нұр болар еді. Сайлауға қатысып, өз таңдауымызды жасайтын боламыз,- дейді ауыл тұрғыны Тұрлан Сисекенов.

 
 - Шалғай елді мекендерді дамыту бойынша жұмыстар алдағы жылдары жалғасатын болады. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп, газ желісі тартылуда. Бүгінгі таңда көгілдір отын орталықтан алыс аймақтарға да жетті. Бірақ халық болғаннан кейін көкейінде сан сұрақ, айтар мәселелері болады. Атамбаевтықтардың сұрап отырған жолы мен жазғы суы алдағы уақыттың еншісіндегі мәселе. Кез келген үміткер депутат болып сайлана қалған жағдайда ең бірінші халықтың ұсыныс-пікірін ескеріп, шешуге жұмыстанатын болады. Сондықтан да, халықты 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, - дейді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Байғалиева.

 

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді