Бір кездері «болашағы жоқ» ауылдардың қатарына енген Есмаханның бүгінгі жайы тіптен бөлек. «Бақсай» каналының иінінен орын тепкен бұл ауылға көгілдір отын келіп тұр, партияның ықпалдасуымен көше жарығы жүргізіле бастады, құдықтағы сулары үйдің ішіне тартылған. Кездесуде «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері партияның алдағы бес жылдағы сайлауалды бағдарламасымен, шалғай елді мекендерді дамыту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстармен жан-жақты таныстырды.
- Облыстық мәслихатқа үміткерлер келіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде. «Nur Otan» партиясының араласымен елімізде көптеген жағымды жаңалықтар болып жатыр. Газ келді. Жарық қосылып жатыр. Болашақта интернет, су мәселесін шешеміз деп жатыр. Сондықтан да алдағы сайлауға бірауыздан қатысамыз деген сенімдемін, - дейді ауыл тұрғыны Асхат Қарпашев.
Үміткерлер партияның бес жылдық бағдарламасына сай мал басын көбейту, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жасалатындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, тұрғындарға үй салуға 10 сотық жерден бөлек, қосымша 15 сотық шаруашылық жүргізуге жер беріледі. Жазғы су желісін жүргізу бойынша жұмыстар алдағы уақытта жүзеге аспақ. Жүздесуде интернет мәселесі, білім, денсаулық саласындағы олқылықтар айтылып, оларды шешу бағытындағы жұмыстар нақтыланды.
- Бұл ауылға өткен жылы газ келді. Көше жарығы жүргізіліп жатыр. Жазғы су, жол салу жұмыстары алдағы 5 жылдық бағдарламада бар. Бұл жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Алдағы сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беруге және сайлауға белсене қатысуға шақырудамыз. Облыстың және ауданның деңгейіндегі жасалуы қажет жұмыстар толық қамтылды. Интернет мәселесін шешу, ауылдың жанындағы каналды тереңдету жұмыстарын жүргізу бойынша өтініштерін қаперімізге берді, - дейді «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлібек Наутиев.
Жиынға қатысушылар тарапынан ауылда ауқымды мәселенің жоқ екендігін, тек жазғы су мен байланыс желісін ретке келтіріп берсе деген тілектерін жеткізді. Нұротандықтар да ұсыныс-пікірлердің баршасы ескерілетіндігін, жауапсыз қалмайтындығына сенім білдірді.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.