Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы сенімгерлік баскаруға берілген медициналық ұйымдарға арнайы барып, қызметтерін тексеріп қайтты. Шаһар басшысы ең алдымен 2021 жылы «АУХАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сенімгерлігіне өткен қалалық N°2 емхананың материалдық жабдықталуындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Екі блоктан тұратын емханада ересектерге және балаларға медициналық қызметтер көрсетіледі. Мұнда қазіргі таңда 400-ге жуык адам жұмыс істейді, оның ішінде 108 дәрігер, 230 орта медициналық қызметкер бар. Тиісті қаражат бөлінбегендіктен, бүгінде
медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасы төмендеп, қондырғылардың тозығы жетіп, істен шыққан. Мұндай келеңсіздіктердің халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсер ететіні белгілі.
Осыны ескерген өала басшысы жауаптыларға аталган емхананы шұғыл түрде заң шенберінде, сот тәртібімен мемлекет балансына алуда тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша тапсырма берді. Қала әкімі денсаулық сақтау басқармасына қарасты Залалсыздандыру орталығында да болып, материалдық жабдықталуын кадағалады.
Мекеменің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында осыдан екі жыл бұрын сенімгерлік басқару бойынша келісім шарт түзілген болатын. Тәулік бойына жұмыс істейтін кәсіпорын қазір Шымкент пен Түркістан облысындағы медицина ұйымдарының құралдары мен бұйымдарын залалсыздандырады. Бүгінде мұнда 86 қызметкер жұмыс істейді.
Ғабит Сыздықбеков сала басшысына Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе келісім шартты қайта қарап, орталыктың материалдық базасын нығайтуды, қызметтік автокөліктерді жөндеуден өткізуді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда медицина саласына жеке инвестицияларды тарту мемлекет үшін басымдық болып табылады, бұл туралы Мемлекет басшысының жолдауында бірнеше рет айтылған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсартады, жеке бизнесті тарта отырып медициналық мекемелерді ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігін арттырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядағы баяндамасында, ұлт денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы екенін баса айтқан болатын.
20-12-2023, 01:00
Сенімгерлік басқаруға берген медициналық мекемелердің жұмыс сапасы қадағаланды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз