Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Президент әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының активіне жаңа әкімді таныстырып, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, шаһардағы қордаланған мәселелерді шешу, дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді", - делінген хабарламада. Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" және "тау-кен ісі" мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы "Заман" фирмасында бөлім бастығы болып бастаған. Әр жылдары "Делдал" жеке кәсіпорны директорының орынбасары, "Жамбыл-Құпарлылық" акционерлік қоғамының механигі, "Шығыс Таңы" сауда-өндірістік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, "Тараз көлік жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және "Волковгеология" акционерлік қоғамында түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.

2016-2017 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» акционерлік қоғамында департамент директоры, Басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді