Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: қала экономикасының негізін өнеркәсіп пен кәсіпкерлік құрайды

Шымкент: қала экономикасының негізін өнеркәсіп пен кәсіпкерлік құрайды
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың өңір экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Шымкентте 34 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен 229 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50%-ға жетті. 2023 жылы кәсіпкерлікті дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында 20 млрд теңге бөлінді, қазірдің өзінде 18,8 млрд теңгенің 3400 жобасы қолдау тапты.

Бүгінгі таңда 5 өндіріс алаңында 273 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, 867 гектар аумақты құрайтын 5 жаңа өндіріс аймағын құру жұмыстары жүргізілуде, бұл қаланың өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды және агроөнеркәсіптік аймақтарына қажетті инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілуде.

Дамудағы оң динамика өңдеу өнеркәсібінде де байқалады. 2023 жылы 8 жоба жүзеге асырылып, 443 жұмыс орны ашылды.

Көлік инфрақұрылымы да жергілікті биліктің назарында. Қала әкімдігінің айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 71%-ға дейін жеткізіледі.

Қазақстанда алғаш рет жол төсеміне қатысты жаңа технологиялық жоба Шымкентте жүзеге асырылуда. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, қайта өңдеу әдісімен қара жолға жол жамылғысы төселеді. Сарапшылардың пікірінше, жаңа тәсіл тиімдірек және жол төсемінің сапасы мен беріктігі бойынша оң нәтижелер береді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы көп жылдардан бері келе жатқан жолдардың өзекті мәселесі шешілетін болады.

Сондай-ақ, үшінші мегаполис көшелеріндегі кептелістерді жою мақсатында 150 көше қиылысында көлік қозғалысын автоматты түрде реттеп, бағдаршамның жұмысын оңтайландыратын заманауи зияткерлік көлік жүйесі енгізілген.

Сонымен бірге, жолаушыларды өткізу қабілетін сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа әуежай терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Теміржол вокзалын қайта құру жолаушылар өткізу қабілетін арттырады. Екі нысан да жеке инвесторлардың қатысуымен салынып жатыр.

Шымкенттегі маңызды мәселелердің бірі тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету болып табылады. Осы жылы 2 магистральдық газ құбыры мен 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде табиғи газбен қамту 94%-дан 96%-ға дейін артады. Осылайша қуатты өңірлер- күшті елдің тірегі ретінде қалыптаса бермек.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді