"Әкімдік жұмысының басты мақсаты – инвесторларға қолайлы жағдай жасап, экономиканы әртараптандыру, деген қала әкімі бұл бағытта импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған жобаларды жүзеге асыратын инвесторлармен тығыз жұмыстар жүріп жатыр",-деп атап өтті қала басшысы.
Өндіріс алаңдарын арттыру мақсатында жаңадан көлемі 867 гектар құрайтын 5 өндіріс аймағын құру қолға алынды. Алдағы уақытта 372 млрд теңгені құрайтын 289 жобаны іске асырып, 12 мыңға жуық жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні «Жұлдыз», «Бозарық» индустриялық аймақтарына инженерлік жүйелер тартылып, келер жылы қолданысқа берілетін болады. Одан бөлек, сауда-логистикалық орталықты кеңейту арқылы «Өңірлік хаб» құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Аталған индустриялық аймақтарды іске қосу арқылы, салықтық түсімдерді арттыру көзделуде.Шымкент қаласының әкімі шағын және орта бизнестің өркендеуіне ерекше ден қойылып келе жатқанын, бүгінде кәсіпкерлерге бағытталған әртүрлі қолдау шаралары бар екенін айтты. Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 20 млрд теңге бөлініп, есепті кезеңде 16 млрд теңгеге 3 351 жобаға қолдау көрсетіліпті.
Осындай ауқымды жұмыстың нәтижесінде соңғы 5 жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлер 2 есе көбейіп, олардың саны қазіргі таңда 131 мыңнан асып жығылған. Ал, өңірлік ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызға жетіп отыр.