«DENI SAU ULT» ұлттық медициналық саммиті аясында өткен салтанатты жиында Шымкент қаласындағы медицина ұйымдарының қызметкерлері үздік атанып, марапатқа ие болды.
Еліміз бойынша жедәл жәрдем қызметінде «Үздік фельдшер» номинациясымен шымкенттік - Шәкіров Қанат Маханбетқұлұлы марапатталды.Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау жүйесінің дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін "Медицина үздігі 2023" республикалық конкурсының "Үздік стационар Мейіргері" наминациясымен №1 қалалық клиникалық ауруханасының медбикесі Гаухар Құраалбаева марапатталды.
Еңбегі еленген ақ халатты абзал жандардың арасында Шымкент қалалық №4 емхананың қызметкері де бар. Емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Сапар Ақжарқын Абайқызы ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған саммитке еліміздің барлық өңірінен 1500-ге жуық қатысушы жиналған. Іс-шара медицина саласындағы соңғы жаңалықтар мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.