Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ажар Ғиният Республика күніне орай медицина қызметкерлеріне наградалар табыс етті

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде салтанатты іс-шара өтті, оның барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина жұртшылығын Республика күнімен құттықтап, Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, алғыс хаттар тапсыру рәсімін өткізді.

"Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласында орасан зор өзгерістер орын алды, жаңа заманауи ауруханалар салынуда, отандық медицина диагностика мен емдеудің ең озық технологияларын енгізуде, емханалар соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталуда, ұлт денсаулығының көрсеткіштері жақсаруда. Осының барлығына сіздердің әрқайсысыңыздың тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында қол жеткізіп отырмыз, сондықтан ең басты мерекеміз – Республика күні қарсаңында сіздердің еңбектеріңізді салтанатты түрде атап өтуге рұқсат етіңіздер", - деді Ажар Ғиният.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі жанқиярлық және қажырлы еңбегі үшін "Парасат" орденімен, "Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Шапағат" медалімен бірқатар құрылымдық бөлімшелер басшылары мен сарапшылар марапатталды. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 3 медицина қызметкері марапатталды.

Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі және елдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен мыңнан астам медицина қызметкері - "Еңбек ардагері" медалімен, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен 520 медицина қызметкері марапатталды, 496 медицина қызметкеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғысы жарияланды.

Мемлекеттік наградалармен марапатталғандардың қатарында «Парасат» орденін алған "University Medical Center" корпоративтік қорының балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы, «Астана медицина университеті» КеАҚ академик Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының меңгерушісі Рақымжанова Раушан Ибжанқызы бар.  «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК жоғары білімнен кейінгі білім беру бөлімінің профессоры Әбдірахманов Әлібек Жанпейісұлы, "Республикалық қан орталығы" ШЖҚ РМК директоры Әбдірахманов Әлібек Жанпейісұлы, Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастығының президенті, Репродуктивтік медицина институтының директоры Әбдірахманов Әлібек   Жанпейісұлы, «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Искалиев Ерхат Серікұлы, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Ғылым жөніндегі кеңесші – Ғылыми кеңестің төрағасы Каюпова Лаура Саясатқызы, "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызметтер жөніндегі орынбасары Мадалиев Құрманғазы Нұрмағанбетұлы, «А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары  Чорманов Алмат Тұрсынжанұлы "Құрмет" орденімен марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалін Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Артақшинова Әсел  Сейітжанқызы, "«Алатау» балалар клиникалық санаторийі» ШЖҚ РМК соматика бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Ахметбекова Ляззат Елеубаевна, «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» ММ функциялық диагностика кабинетінің меңгерушісі Бүйенбаева Гүлжұман Абайбекқызы, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жамбаева Әлия Сауытқызы алды. 

"Шапағат" медалімен Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің басқарма басшысы Ержанова Сәуле  Амантайқызы, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ хирургиялық аурулар кафедрасының жетекшісі Жақиев Базылбек Сағидоллиұлы, «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Ковалева Галина  Геннадьевна, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Оңғарбаев Бақытжан Төлегенұлы , Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сәдуақасов Нұрқан Олжабайұлы марапатталды. 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК формулярлық жүйені дамыту және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамалық бағалау бөлімінің бастығы Есбатырова Лаззат Мұратқызы, Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жұмаділова Зәуреш Бапанқызы, «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК аға дәрігері Логачева Наталья Николаевна марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді