Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы сәтті жүзеге асуда

Шымкент: “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы сәтті жүзеге асуда
Фото: "Шымкент келбеті" газеті

Шымкент қаласы әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және аудандарды аралау барысында тұғындардың тарапынан түскен өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде азаматтардың  ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Сондай өтініштердің бірі бойынша тұрғындардың талап-тілегі бақылауға алынып, Мәншүк Мәметова атындағы №35 орта мектебінің тұсындағы Қазыбек би көшесінің бойына жасанды жол кедергісі орнатылды. Бұл кедергі мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қ.Бақбаев көшесі мен Ташкент көшесінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы сызылса, Жібек жолы – Сайрам көшелерінің қиылысында орын алатын көлік кептелісін айналып өту мақсатында ақпараттық белгі орнатылды. Ал, Қабанбай батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол жабындысы төселген соң толығымен қайта жол белгілері сызылды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір­ді міне, осы екі ауыз сөзге сый­ды­руға болады. Бізді қуантатыны, ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тәсілі ақпаратты жай ғана тарату немесе «жоғарыдан төменге» саясатын жүзеге асыруға қарағанда, тиімді басқару бұдан да көп нәрсені қажет ететінін көрсетеді. Яғни кері байланыс, идеялар мен қоғамдық пікірді белсенді іздеудің маңызын мойындайды. Бұған қол жеткізуге жәрдемдесетін түрлі құралдар бар: қоғаммен кеңесу, сауалнамалар, жалпы жиналыстар, онлайн форумдар және басқа да қатысу тетіктері.

Үшінші мегаполис басшылығы осы тұжырымдама негізіндегі жұмыстарын жалғастыра бермек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді