Көлік полицейлері Жамбыл облысында қолайсыз ауа райында жолда қалған 500-ден астам жолаушыға сапарларын пойызбен жалғастыруға көмектесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайына сілтеме жасап.
Жамбыл облысындағы ауа райы жағдайына байланысты төтенше қызметтердің алыс сапарлардан бас тарту туралы ескертулеріне қарамастан, көптеген азамат автокөліктермен және рейстік автобустармен шығып, Алматы – Шымкент, Алматы – Кызылорда тас жолдары бойындағы кептелісте қалды. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында жолаушылар пойызбен межелі жерлеріне жетулері үшін Шу және Тараз теміржол вокзалдарына жеткізді.
Жолаушылар пойыздарының тұрағы кезінде аталған станциялардағы желілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жолаушылардың пойызға отыруына көмектесті. Жалпы, бұл жұмысқа 160-қа жуық полицей жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 500-ден астам азамат сақшылардың көмегімен жолаушылар пойызына отырғызылып, өз сапарларын аман-есен жалғастырды.
Жолаушылар арасында қарт адамдар, әйелдер мен балалар болды. Сондай-ақ олардың ішінде Алматы – Шымкент бағытындағы автобус рейсімен жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 150 азаматы да бар. Олардың көпшілігі өте жұқа киінген.
Көлік полицейлері “ҚТЖ” ҰК АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, аталған азаматтардың өтіп бара жатқан пойыздарға отыруларына көмектесті.
Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасы, оның ішінде жүкті әйел мен 2 жас бала өз көлігімен Шу-дан Түркістан қаласына шыққан, бірақ ауа райына байланысты бұдан әрі жолды жалғастыра алмады. Олар полиция пунктіне жеткізіліп, ыстық шаймен қамтамасыз етілді. Әрі қарай олар пойызға отырғызылды.
Департамент базасында жедел штаб құрылып, төмендегі жедел желі телефондары жұмыс істейді: 715924; 94-25-01.