Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент қоқыс полигоны демалыс алаңына айналды

Шымкент қаласы А-1 тас жолында орналасқан құрылыс қалдықтары полигоны аумағына тұрғындар үшін демалыс орнын салу жоспарланған болатын. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Қала әкімі М. Әйтенов абаттанған нысанды аралап, құрылыстың сапасын бақылады.

Қала әкімі М. Әйтенов абаттанған нысанды аралап, құрылыстың сапасын бақылады.


Мердігер мекеме «Кен Тау» ЖШС жоба құны 301,6 млн теңгені құрайтын жобаның құрылысын өз мерзімінде аяқтады.

Бүгінгі таңда жалпы ауданы 4,48 га аумақта демалыс орны алаңдары, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары, спорт алаңдары құрылды. Сонымен қатар, әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.

Жергілікті тұрғындар қоқыс полигоны аумағының ретке келтіріліп, жасыл желекке айналғанына қуаныштарын жеткізіп, қала әкіміне алғысын білдірді.

Құрылысы 10 айда аяқталған демалыс орны бүгінде тұрғындар үшін саялы аумаққа айналды. Қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру, демалыс орнын көбейту жұмыстары ұдайы назарда.

Айта кетсек, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Демалыс орындарының саны артып келеді. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты