Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

4000 БАҚ өкілі салалық журналистика негіздерін оқыды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі салалық журналистика мамандарын дайындау бойынша ауқымды жұмыстарды жүзеге асыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тек 2021 жылы ғана Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен күш-жігердің арқасында мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-тың 4000-нан астам журналисті еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің маңызды салаларын жария ету бойынша тегін оқытудан өтті. Дайындалған журналистер дезинформацияға қарсы күресте, сондай-ақ қазақстандықтарды жан-жақты объективті ақпараттық ағартуда БАҚ пен әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментін дамытуға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Жалпы, қазірдің өзінде республикалық және өңірлік медиа журналистері медицина, этносаралық қатынастар, дін, IT-саласы, экология, аграрлық сектор, қаржы және экономика, құқықтану мәселелерін ақпараттық жария етудің қыр-сыры мен ерекшеліктері бойынша оқытудан өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Халықаралық бизнес университеті, М. Қозыбаев атындағы СКУ университетінің жетекші оқытушылары тренингтер мен семинарлардың коучтары болды.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап М. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ бастамасымен бакалавриат студенттері үшін «Журналистика: аналитика және тергеулер», сондай-ақ Әл-Фараби Атындағы ҚазҰУ-дың магистратура студенттеріне арналған «Экологиялық журналистика» екі жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды. Экологиялық журналистиканың дамуы қазақстандықтарды қоршаған ортаның игілігіне әрекет етуге ынталандыруы тиіс.

Бұдан басқа, Министрлік «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры базасында медиамамандарды оқыту мақсатында мультимедиялық білім беру-ақпараттық платформасын іске қосты.

Салалық журналистиканы дамыту жоспарының маңызды бөлігі ретінде Министрлік, салалық ұйымдар мен салалық кәсіптік одақтар арасында 2021-2023 жылдарға арналған келісім жасасу болды. Келісім әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеудің жалпы қағидаттарын, салалық журналистерді даярлау жөніндегі Тараптардың өзара міндеттемелері мен жауапкершілігін айқындайды деп күтілуде

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді