Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте корей этносының мәдениеті күні аталып өтті

Шымкентте корей этносының мәдениеті күні аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы корей этносының мәдениеті күні іс-шарасы өтті. Жиынға қалалық ҚХА мүшелері, зиялы қауым өкілдері, корей этникалық қауымдастығының өкілдері, қалалық корей этномәдени бірлестігінің мүшелері, қала тұрғындары қатысты.

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов шаhардағы корейлер қауымдастығы барлық саланың дамуына өз үлестерін қосып жатқанын атап өтті.

- Биыл корейлердің Қазақстан жеріне күштеп қоныс аударғанына 85 жыл толып отыр. Зұлмат жылдары корейлердің 8 мыңға жуық отбасын оңтүстік өлкесі қабылдады. 85-жылдық кезең ішінде корейлер қауымдастығы Қазақстанның ғылымы мен білімінде, мәдениетінде, өнері мен әдебиетінде, денсаулық сақтау жүйесінде, спорт саласында жарқын із қалдырды. Шымкент қаласындағы корейлер қауымдастығының белді өкілдері қаламыздың сәулетін арттыруға, білімін көтеруге, ғылымын қалыптастыруға, мәдениеті мен өнерін ілгерілетуге, тұрғындардың денсаулығын сақтауға, спортта алдыңғы орыннан көрінуіне қызмет етуде, - деді басқарма басшысы.

Осыдан 33 жыл бұрын қаламызда корей этномәдени бірлестігі құрылып, оңтүстік өлкедегі 50 мыңға жуық корей этносы өкілдерінің басын біріктірді.

Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак қауымдастық өкілдері еліміздің дамуына бар күш-жігерін салып жатқанын айта келе, қазақ халқына алғысын жеткізді.

Мерекелік жиында еліміздің әлеуметтік-мәдени дамуына, ішкі тұрақтылықты сақтауға үлес қосқан қауымдастық өкілдері Шымкент қаласы әкімінің, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Іс-шарада корей этномәдени бірлестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады