Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысы прокуратурасымен жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталды

Ақмола облысы прокуратурасымен жалған дипломдарды пайдалану фактілері анықталды
Фото: kazlenta.kz

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға мемлекет ерекше назар аударады және қомақты бюджет қаражатын бөледі. Осы мақсатта, 2009 жылдан бастап бүкіл ел бойынша «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар алуға мүмкіндік береді.Соңғы жылдары еліміздің ауылдық жерлерінде кадрлар тапшылығы едәуір теңестірілді, алайда «мамандар» деген атпен жекелеген адамдар жеңілдікті шарттарды пайдалана отырып, бюджет қаражаты есебінен заңсыз байытылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну кезінде қолданыстағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Оның нәтижелері бойынша жалған дипломдардың көмегімен жеңілдіктер алған және шарттық міндеттемелерді бұзған адамдар анықталды.

Мәселен, 2021ж. «К» жалған диплом бойынша Атбасар ауданының оқу орнында биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқанү

2022ж. мүліктік игіліктер алу мақсатында, сол жалған дипломды пайдаланып, бағдарламаға қатысқан (4,9 млн теңге алды).

Айта кету керек, «К» 2 жыл бойы осы салада құзыретті болмасада балаларды оқытқан.

Осындай схеманы білім беру саласындағы тағы 12 «маман»пайдаланған. Залалдын жалпы соммасы 30 млн теңгеден асты.  

Жалпы айтқанда, мұндай «маманды» жалған дипломмен жұмысқа орналастыру жас ұрпақтың білім деңгейіне теріс әсер етеді және бюджет қаражатын ұрлауға жағдай жасайды.

Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде, ҚПК-тің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жариялануға жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады