Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2023 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасына 20 млрд теңге бөлінеді

2023 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасымен жеңілдетілген несие беру үшін 20 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz

«Қабылданған 2026 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымдарды дамыту тұжырымдамасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен азаматтарды жалдамалы және кредиттік баспанамен қамтамасыз ету тетігі қарастырылған. Бұл ретте 2023 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасымен (көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, 1, 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек баланы тәрибелеп отырған отбасыларға) жеңілдетілген несие беру үшін 20 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.

Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы (бағдарлама 2022 жылдың 23 қыркүйегіндегі Үкімет қаулысымен күшін жойды) аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту үшін 146 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда, 2019 жылдан бері 23,7 мың көпбалалы отбасы тұрғын үймен, оның ішінде 16 мың отбасы жалдамалы пәтермен, 7,7 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы кредиттік пәтермен қамтамасыз етілді.

«Бұған қоса, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен жалдамалы тұрғын үйдің жекеменшік нарығындағы жалдау құнын (50 пайыз) субсидиялау мүмкіндігі ұсынылды. Осы жылдың 12 желтоқсанындағы мәліметтерге сәйкес 7,3 млрд теңгенің 8,1 мың өтінімі мақұлданды», - деді Роман Скляр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді