Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші анықталды

Таразда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының полицейлері жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 қараша сағат 23:25-те Тараз қаласының Төле би көшесінде белгісіз көлік құралының жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде отырған 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.

Жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақатынан ол жерде қайтыс болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған) сотқа дейінгі тергеу басталды .

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде бейнебақылау камераларының көмегімен жедел-іздестіру жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөліктің иесі Жамбыл ауданының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

– Жүргізушінің қатысуымен тергеу әрекеттері, соның ішінде тергеу эксперименті жүргізіліп жатыр. Себебі соққы тұман жағдайында жасалған. Сараптамадан кейін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шаралар қабылданады, – деді ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады