Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда автобус қағып кеткен 24 жастағы бойжеткен көз жұмды

Алматыда автобус қағып кеткен 24 жастағы қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды kazlenta.kz

Оқиға орнынан алынған кадрлер әлеуметтік желіге таралып кеткен. Жарияланған видеода марқұмды №205 қоғамдық көліктің қағып кеткені айтылған. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында 14 желтоқсан күні сағат 20:20-да орын алған. "Foton маркалы автобусты басқарған 1972 жылы туылған жүргізуші Құлжа тас жолымен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылғанда жолдың белгіленбеген бағыттағы бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1998 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті", - делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде. Қызды ауруханаға жеткізгенмен, оны аман алып қалу мүмкін болған. Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазір қылмыстық кодекстің "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді құқық қорғау органдары. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді