Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«ЖАТАҚХАНА» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

«ЖАТАҚХАНА» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды
Фото: ҚР ТЖМ

Бір апта ішінде ТЖМ ІІМ-мен бірлесіп «ЖАТАҚХАНА» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД, полиция, әкімдіктердің қызметкерлерінен, волонтерлерден, жұртшылық өкілдерінен құралған бірлескен мобильді топтар жатақханалар мен хостелдерде рейдтік іс-шаралар өткізді.

Елімізде барлығы 1 мыңнан астам рейд жүргізілді. Аса жиі кездесетін бұзушылықтар тұрғындардың ең көп санын орналастыру мақсатында үй-жайларды қайта салу қолдан жасалған ұзартқыштар мен жылытқыштарды, ақауы бар электр құрылғыларын, зақымдалған оқшаулауы бар электр сымдарын пайдалану және т.б. болды.

Рейдтердің қорытындысы бойынша 734 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жатақханалар мен хостелдердің, оның ішінде олар үшін қайта жабдықталған жеке тұрғын үйлер мен коттедждердің тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 928 жиын және олардың иелерімен 670-тен астам кездесу өткізілді.

16 мыңнан астам адам сауалнамамен және түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Жатақхана мен хостел иелерімен 165 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйдің өртке қарсы жай-күйін тексеру жүргізілді, тұрғындарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.

Жеке тұрғын үйлерді жатақханалар мен хостелдер ретінде қайта жабдықтау өрт қауіпсіздігі саласындағы кейде сақталмайтын қосымша талаптарды орындауға әкеп соғады.

Жатақханалар мен хостелдердегі өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді