Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысының полицейлері 4 мыңға жуық жол ережесін бұзушылықты тіркеді

Павлодар облысының полицейлері 4 мыңға жуық жол ережесін бұзушылықты тіркеді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының полицейлері “Назар аударыңыз, балалар” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейдтердің нәтижесі көрсеткендей, облыс жолдарында жүргізушілердің барлығы бірдей тәртіпке бағынбаған. Осылайша олар жас ұрпаққа үлгі болмай отыр.

– Осы іс-шараның қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары 4 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады, – дейді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Іс-шара барысында өткелді бұзған 402 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану ережелерін елемеген жүргізушілерге 463 әкімшілік хаттама жасалды. Жаяу жүргіншілерді өткізбеген 283 жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Мысалы, 26 мамырда Екібастұз қаласында қиылыстың жүру ережесін бұзған 18 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ автокөлігі тоқтатылды. Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 594-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Дәл осы күні Павлодар қаласында Toyota автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Айта кету керек, аталмыш іс-шара барысында полиция қызметкерлері мектептерде мысалдар арқылы жол қозғалысы ережелері мен заңдардың баптарын, әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық баптар бойынша да түсіндірді. Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “Назар аударыңыз, балалар!” жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Дегенмен Ертіс полицейлерінің балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмысы жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты