Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталуда

Шығыс Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі сақталуда
Фото: ҚР ТЖМ

Өрт сөндіру бөлімшелері күн сайын құрғақ шөптің жануына қарсы күрес жүргізеді. Аптаның басынан бастап олар шамамен 20 рет жану оқиғаларына шығып, жедел іс-әрекет нәтижесінде аумағын ұлғайтпай тез сөндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрғақ шөптердің жануы негізінен халықтың отқа немқұрайлы қарауы және найзағайдың түсуінен орын алып жатады.

Өрт қауіпті кезеңде облыс аумағында өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар қатарынан 250-ден астам адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмыс істеуде. Олар орман аймағындағы алқаптарға мониторинг жүргізеді және рейдтік іс-шаралар өткізеді, рейдтік іс-шаралар барысында 51 өрт қауіпсіздігін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мобильді топтар демалыс орындарында демалуышыларға және азаматтарға орманда ашық отты абайсызда пайдалану, өрттің негізгі шығу себептері, өрт қауіпсіздігі саласындағы барлық ұсыныстарды орындау қажеттілігі туралы егжей-тегжейлі ақпараттарды айтуда.

Алдағы күндері облыс аумағында күннің қатты ысуы және жоғары өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты ШҚО ТЖД азаматтарға орманға барудан бас тартуды ұсынады!

Егер сіз орманда болсаңыз, төмендегідей өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз:

Қатаң тыйым салынады:

- от жағуға,

- арнайы жабдықталған орындардан тыс жерлерде  тамақ дайындауға мангалдарды, басқа да құралдарды  пайдалануға,

- темекі шегуге, жанып тұрған сіріңкелерді, темекі қалдықтарын тастауға,

- күн сәулесі түсетін орман алқабында, шыны бөтелкелерді, әйнек сынықтарын, басқа қоқыстарда қалдыруға.

Жеке тұрғын үйлерінің иелері мен жазғы саяжай тұрғындарына ШҚО ТЖД ашық отпен жұмыс істеуде аса сақ болуға, ғимараттардың жанында от жағуға және қоқысты бақылаусыз жағуға жол бермеуге кеңес береді!

Рұқсат етілмеген от жағулар, құрғақ шөптерді бақылаусыз қалдыру  және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Өрт кезінде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді