Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Шәйнекпен басынан ұрған”: Түркістан облысында жұбайын қорлаған жанжалқор полицейге қарсылық көрсетті

“Шәйнекпен басынан ұрған”: Түркістан облысында жұбайын қорлаған жанжалқор полицейге қарсылық көрсетті
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының Сайрам аудандық полиция басқармасына Жетісай ауданының тұрғыны хабарласып, оның Сайрам ауданында тұратын әпкесі жұбайын қорлап, ұруға тырысқанын айтқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына  сілтеме жасап.
Аталған мекенжай бойынша ақпарат алғаннан кейін учаскелік полиция инспекторлары жедел келіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдады және ер адамға ескерту жасады. Алайда жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қорлап, балағат сөздер айтқан. Осыдан кейін ер адам шақыруға келген полицейге қарсылық көрсетіп, шәйнекпен басына соққы жасайды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 380-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Осы баптың санкциялары төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталады. Сайрам ауданының полиция қызметкері медициналық тексеруден кейін өзінің қызметтік міндетін орындауға қайта кірісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады