Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты
Фото: polisia.kz

Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Range Rover автокөлігін көлік жуу орнының қызметкері ұрлап кеткендігі туралы хабарламамен “102” тетігіне 38 жастағы автокөлік иесі жүгінді.

Мас күйдегі көлік жуушы күзетшіден автокөлік кілттерін алаяқтық жолмен иемденіп, қала ішінде серуендеуге шешім қабылдап, көп ұзамай Алматы қаласына қарай бағыт алған.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігімен (Айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық полиция бөлімдеріне көлік құралының деректері көрсетілген бағдарлар жіберілді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 315-шақырымында патрульдеу жүргізіп жүрген ПД ППБ 2-взводының қызметкерлері аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату шараларын қабылдаған.

Полиция инспекторлары Қостанай облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Оның осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты