Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің смартфонын ұрлап, мобильді банкингтегі ақшасын құмар ойынға тіккен

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің смартфонын ұрлап, мобильді банкингтегі ақшасын құмар ойынға тіккен
Фото: pixabay.com

Шымкент тұрғыны такси жүргізушісінің смартфонын ұрлап, мобильді банкингтегі ақшасын құмар ойынға тіккен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұрлық туралы хабарлама Тұран ауданының полициясына түсті. Белгілі болғандай, ер адам таксиді таңғы 5-те шақырған. Ескі танысы болып шыққан жүргізушімен ол жол бойы бұрынғы кездерді еске алып, әңгіме-дүкен құрып келеді. Жолаушыны белгіленген жеріне апарып тастаған таксист біраз уақыт өте телефонының жоқтығын байқап, полицияға шағымданған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктіні қала аумағында ұстады. Ол смартфондағы онлайн-банкингтен бар ақшаны алып, құмар ойынға жұмсағаны анықталды.

Өзгенің 217 мың теңге қаражатын ұтылған азамат ары қарай дүкенге барып, сол банк қосымшасы арқылы бөліп-төлеуге тауар сатып алған. Кейін, құны 300 мың теңге тұратын гаджетті кездейсоқ сатып алушыға 20 мыңға сатып жіберген.

Полицейлер тергеп-тексеру барысында жайтқа қатысты барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.

Айыпталушы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты 1,5 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қолданылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда