Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте алаяқтықпен алған ақшасын құмар ойынға тіккен әйел сотталды

Шымкентте алаяқтықпен алған ақшасын құмар ойынға тіккен әйел сотталды
Фото: kazlenta.kz

Шымкентте алаяқтықпен алған ақшасын құмар ойынға тіккен әйел сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Ол өз арызында интернеттегі ақшаңызды 10 күнде 50%-ға көбейтіп беремін деген жылтыр жарнамаға сеніп қалғанын жеткізді.

Жәбірленуші алған ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізу мақсатында қала аумағында бейтаныс келіншекпен кездескен. Ол берген ақшасын 10 күн ішінде көбейтіп беретініне сендіріп, өзінің банктік есеп шотына 1 290 000 теңге аударым жасатып, “ізін суытқан”. Уәде етілген мерзім өткен соң, күдікті телефонға жауап бермей, із-түссіз жоғалғанда ғана әйел алаяққа алданғанын түсінген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Күдіктінің жеке басын, 27 жастағы Түркістан облысының тумасын анықтады.

Тергеу барысында күдікті бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ алаяқтық жолмен иемденген қаржысын құмар ойынға тігіп, ұтылып қалғаны белгілі болды.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірген шығынды толық өтегенін жеткізді. Сәйкесінше, сот оған қатысты 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды