Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында анасымен жанжалдасқан мас тұрғын жауапқа тартылды

Павлодар облысында анасымен жанжалдасқан мас тұрғын жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында анасымен жанжалдасқан мас тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның тәртібіне ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.

– Құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қою әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы және әкімшілік жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату кезінде де қолданылады, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзіне қатысты ерекше талаптар белгіленген адамға: жәбірленушінің еркіне қарамастан, кәмелетке толмағандарды және оның отбасының әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, өзге де тәсілдермен іздестіруге, қудалауға, баруға, ауызша, телефон арқылы келіссөздер жүргізуге және онымен байланысқа түсуге; атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға; психоактивті заттарды медициналық емес пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.

Құқық бұзушының тәртібіне қойылатын ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін ІІО-ға келу міндеттері жүктелуі мүмкін.

Өзіне қатысты ерекше талаптар белгіленген адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жүзеге асырылады.

Мысалы, осы күндері сағат 18:00 шамасында Шарбақты ауданының 53 жастағы тұрғыны мас күйінде үйде отырып, анасымен жанжал шығарды, оның атына балағат сөздер айтты, осылайша оның тыныштығын бұзды. Анасы ұлының ерсі қылықтарына шыдай алмай, полицияға хабарлаған.

– Учаскелік полиция инспекторы шақыруға келгеннен кейін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сот отбасылық дебоширге қатысты 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ, оның тәртібіне 3 ай мерзімге, спирттік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу түрінде, ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде профилактикалық әңгімелесу үшін учаскелік полиция пунктіне келу міндетін жүктей отырып, ерекше талаптар белгіленді, – деп атап өтті полиция.

Бұл талаптар қайта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында белгіленген. Полицейлер Павлодар полицейлерінің сот шешімімен осы жылы 569 бұзушының тәртібіне ерекше талаптар белгіленгенін, оның ішінде 530-ы спирттік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу түрінде белгіленгенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда