Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңатаста 10 тоннаға жуық дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

Жаңатаста 10 тоннаға жуық дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ құрықталды
Фото: polisia.kz

Жаңатаста 10 тоннаға жуық дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды kazlentа.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының полиция департаменті Жаңатас қаласындағы “Қазфосфат” ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетiн анықтап, тосқауыл қойды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды.

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді