Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Антирекорд: FlyArystan рейсі бір түнде үш рет кейінге шегерілді

Антирекорд: FlyArystan рейсі бір түнде үш рет кейінге шегерілді
Фото: pixabay.com

FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Алматыға ұшатын рейсі түнде 3 рет кейінге шегерілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуе компаниясының жолаушыларына бір күн бұрын сағат 22:00-де алғашқы хабарлама түсті: «2023 жылдың 22 қыркүйегінде сағат 23:45-те KC7058 Астана – Алматы рейсі операциялық қажеттілікке байланысты кешіктірілгенін хабарлаймыз”, – делінген хабарламада.

Ұшу сапары алдын ала 23 қыркүйек күні сағат 00:20-ға ауыстырылды. Содан кейін тағы да 23 қыркүйекте таңғы 04.30 және 04.45-ке шегерілді.

Кешіктірілген рейстегі жолаушылардың айтуынша, әуе компаниясы билеттер үшін ақшаны қайтарудан бас тартқан. Сондықтан көпшілігі басқа әуе компаниялардың рейстеріне билеттерді өз бетінше сатып алуға мәжбүр.

Бұған дейін Fly Arystan ұшағының 150 жолаушысы Ақтау әуежайында тұрып қалған болатын.

Азаматтар әуе қатынасының сапасы мен әуе билеттерінің бағасына жиі шағымдана бастады. Премьер-министрдің әуе тасымалдаушыларға жүктеген қатаң тапсырмасынан соң, бірден екі қазақстандық әуе тасымалдаушысының басшылары – Питер Фостер (Эйр Астана/Флай Арыстан) мен Владимир Денисов (Скат) баспасөз мәслихатын өткізіп, шағымдарға жауап берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді