Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты тексеру жүргізуді бастады

Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты тексеру жүргізуді бастады
Фото: sknews.kz

Азаматтық авиация комитеті Fly Arystan рейсіне қатысты түсінік берді. Ведомство осы жағдайға байланысты қосымша тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz tengrinews.kz сайтына сілтеп.

"2023 жылғы 25 ақпанда Астана-Шымкент КС-7307 рейсі "Эйрбас-А320" әуе кемесінде сағат 05:40-қа жоспарланған болатын. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (Шымкент әуежайында қатты жел) рейстің ұшуы кейінге қалдырылды және одан әрі тоқтатылды. Рейс мәртебесінің өзгеруінің барлық фактісі бойынша жолаушыларға тиісті хабарламалар жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

Ұшуды күту кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ таратылған.

"Сонымен бірге өтініш білдірген барлық жолаушыға билеттерді толық қайтару рәсімделді. Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы факт бойынша қосымша тексеру жүргізеді және әуе компания тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Азаматтық авиациядағы басты басымдық - ұшу қауіпсіздігі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты Астана әуежайында жанжал шығарған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді