Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткі өсірген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында есірткі өсірген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында есірткі өсірген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Талас ауданының аумағында құрамында есірткі заты бар өсімдіктің егілгені анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы ҚР ІІМ ЕҚҚІД, ПД ЕҚҚІБ, ҰҰ “Бүркіт” АМЖ қызметкерлері “Теа” атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып жүргізді.

Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде 54 жастағы жергілікті тұрғынның үйінің бақшасында 22 келі 200 грамм өсірілген қарасора, сондай-ақ жалпы салмағы 138 грамм 500 мг болатын кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.

– Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттары бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді