Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарулы күштердің әскери қызметшілері гір спортынан өткен әлем чемпионатынан жеңіспен оралды

Қарулы күштердің әскери қызметшілері гір спортынан өткен әлем чемпионатынан жеңіспен оралды
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен төрт күндік турнирге әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында ҚР ҚМ Спорт комитеті – Орталық спорт клубының Штаттық командаларды даярлау орталығы штаттық командаларды даярлау бөлімінің (әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша) спортшы-нұсқаушысы сержант Назым Ахмедов қатысты.

Қазақстандық әскери спортшы 95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 32 келі гір тасын ұзын циклды көтеруден тоқсан рет бағындырды. Сондай-ақ Назым Ахмедов осы чемпионатта серпе көтеруден 3-ші орынды иеленді. 

– Биылға жоспарланған Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттары жоспар бойынша өтті. Өзімді команданың бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын. Өйткені бұл нағыз ұжымдық жұмыс болды, – деп атап өтті сержант Назым Ахмедов.

Ол 8-12 желтоқсан күндері Щучинск қаласында өтетін гір көтеру бойынша Қазақстан Республикасының кубогына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Аягөз гарнизонындағы танк құрамасының 3-сыныпты сержанты Сұңқар Қуанышев 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, 10 минут ішінде 24 келі салмақты 150 рет көтерді.

– Менің қазіргі жоспарым 3 дүркін әлем чемпионы болу. Келесі жылы Бішкекте өтетін әлем чемпионатына сапалы дайындалып, нәтижелі өнер көрсетуді жоспарлап отырмын, – дейді екі дүркін әлем чемпионы.

Сұңқар Қуанышев «спорт шебері» атағының иегері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және Азия ойындарының чемпионы. Бүгінде ол өз тәжірибесін шәкірттеріне үйретуде. Гір спорты бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте «алтын» Өзбекстанда қалды. «Күміс» Қазақстанның қоржынына түссе, «Қола» ресейліктерге бұйырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда