Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Министр «Арселор Миттал Теміртау» туралы: Ешкімнен ештеңе тартып алмаймыз

Министр «Арселор Миттал Теміртау» туралы: Ешкімнен ештеңе тартып алмаймыз
Фото: liter.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Арселор Миттал Теміртаудың» орнына инвестор тарту процесі заң жүзінде қалай іске асатынын түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан халықаралық инвесторлардың құқықтарын құрметтейді және ешкімнен ештеңені тартып алмайды. Бұл ретте өнеркәсіптік қауіпсіздік және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы бар екенін еске саламыз. Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға осы қағидатты ұстану қажет. Қазақстанда ешкім шетелдік инвестордың меншігін тартып ала алмайды. Біз инвесторлардан мемлекет талаптарын сақтауды талап етеміз. Бірақ ешқандай тәркілеу туралы мәселе жоқ», - деді министр.

Сондай-ақ, ол шетелдік инвестордың орнына басқа инвестор келуі үшін алдыңғысы нақты шешім қабылдауы керек екенін айтады.


«Шетелдік инвестор Қазақстан нарығынан кетеміз деп шешім қабылдаса, өзге инвестормен немесе мемлекетпен сатып алу-сату шартын жасайды. Ал «тартып алу» туралы әңгіме Қазақстанда болмайды деп үміттенем. Бұл инвестициялық климатқа ауыр соққы болар еді. Акционерлер ауысатын болса, ол Азаматтық кодекс аясында жүреді. Біреуден тартып алу туралы әңгімені қою керек шығар. Шарттық, құқықтық қатынастар бар. Шетелдік инвесторлармен соның аясында жұмыс істейміз», - деді министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді