Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Арселор Миттал" шахтасында он жыл ішінде 23 апат тіркелген

"Арселор Миттал" шахтасында соңғы он жылда 23 апат тіркелген. Апат салдарынан 43 адам зардап шегіп, 19-ы бақилық болыпты. Бұл 2006 жылдардағы ірі апаттан көз жұмған 71 адамды есептемегендегі статистика, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Қайғылы жағдайдың жыл сайын қайталанып жатқанына алаңдаған сенаторлар үкіметтен нақты шаралар қабылдауды талап етті. Тек соңғы тексеру жұмыстары кезінде мұнда 2400-ге тарта заңбұзушылық тіркелген екен. Ал компания тек 18 жарым миллион теңге айыппұл төлеп құтылған.

"Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болған кәсіпорын иелеріне, акционерлеріне белгілі бір сұрақтар бар. Әрі қарай басшылық пен акционерлер өз кенішінде, өндіріс орындарында, кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілуі үшін ең қажетті шара қабылдауы керек деп есептеймін. Депутаттар тарапынан, Сенат тарапынан біз бұл мәселені бақылауға аламыз. Заңды қатайтуға дайынбыз", - деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты