Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы полициясы азаматтарға 65 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Алматы полициясы азаматтарға 65 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Аса ірі көлемде бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 55 жастағы тумасы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 65 млн теңгені құрады.

Полицейлердің мәліметінше, 55 жастағы О.есімді азамат ұсталып, ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Тергеу барысында ер адамның бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, Алматы қаласының кез келген ауданында жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, заңдастыруға және жер теліміне мемлекеттік актілерді алып беремін деп ұсыныс жасағаны анықталды. Күдікті бастапқы төлемді алып, содан кейін клиенттің ақшасымен жоғалып кетті. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге бес адам арызбен жүгінді, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері азаматтарды күдіктіні таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-705-555-77-63 және 8-778-591-91-35.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді