Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қыздарды тұншықтырып, тонаған күдікті ұсталды

Алматы полициясы қыздарды тұншықтырып, тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алмалы аудандық полициясының хабарлауынша, еш жерде жұмыс істемейтін 20 жастағы азамат қылмысын тек түнгі уақытта ұйымдастырған. Ол жолда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, артынан тұншықтырып, содан кейін барлық бағалы затын алып кетіп отырған. "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды.

уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалған. Сондай-ақ оның жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Жас жігіт өз ісін мойындады.

Қазір күдіктінің жеке басы қала аумағында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді