Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент тұрғыны қарасора өсіріп, қорасында марихуана салынған қаптарды сақтаған

Шымкент тұрғыны қарасора өсіріп, қорасында марихуана салынған қаптарды сақтаған
Фото: polisia.kz

Шымкент тұрғыны қарасора өсіріп, қорасында марихуана салынған қаптарды сақтаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ның учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақта рейд жүргізу кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру дерегін анықтады.

48 жастағы жергілікті тұрғынның бақшасынан тәртіп сақшылары қарасора бұталарын тауып, тәркіледі. Сонымен қатар үйдің жанындағы мал қорасын тексеру кезінде скотчпен оралған, 2 үлкен қап марихуана табылды. Құрамында есірткі бар кептірілген өсімдіктердің жалпы салмағы 20 келі болды.

Ер адам ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі және 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті деп танылды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер есірткіге қатысты кез келген заңсыздыққа жол бермеу туралы ескертеді. Есірткі заттарының заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді