Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түлкібаста үйінде есірткі өсіріп, сақтаған тұрғын анықталды

Түлкібаста үйінде есірткі өсіріп, сақтаған тұрғын анықталды
Фото: polisia.kz

Түлкібаста үйінде есірткі өсіріп, сақтаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі үйінде құрамында есірткісі бар өсімдік егіп, сақтауы мүмкін деген хабарлама келіп түсті. 

Ақпарат алған түлкібастық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап, оның тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер адамның ауласынан егілген 79 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ жүк көлігінің салонынан бес газетке оралған есірткіге ұқсас зат, ал сарайынан төрт орама, аулада тұрған диванға жасырылған бір есірткі орамасы алынды.

Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша егістіктен алынған өсімдік сора, сонымен қатар орамадағы есірткілер 500 грамға жуық марихуана болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады