Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент полицейлері шетелде 7 жылдан астам жасырынып келген алаяқты ұстады

Шымкент полицейлері шетелде 7 жылдан астам жасырынып келген алаяқты ұстады
Фото: pixabay.com

Шымкент полицейлері шетелде 7 жылдан астам жасырынып келген алаяқты ұстады. Күдікті бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2015 жылдың тамыз айында қалалық ішкі істер басқармасында Сайрам массиві тұрғынының арызы бойынша ірі мөлшерде жасалған алаяқтық дерегімен қылмыстық іс тіркелді.

Қала тұрғынының айтуынша, оның танысы емдеу мекемелеріне 30 адамды жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Алданып қалғанын білмей, таныстарына жұмысқа орналасуға көмектескісі келген әйел қаскүнем мен оның құрбандары арасында делдал болған.
Осылайша ер адам сенгіш азаматтардың 26 400 долларын иемденіп кеткен.

Тергеу шаралары барысында күдіктінің бөтеннің сеніміне кіру арқылы ақша алып кеткені туралы куәгерлер де растады.

Кейінірек тағы бір арызданушы ер адамның алаяқтық әрекеттері туралы полицияға жүгініп, іс “аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық” бабына қайта сараланған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған ауқымды жұмыстарды жүргізді.
Жедел уәкілдер оның жүруі мүмкін барлық мекенжайларды тексерді. 60-қа жуық адам, оның ішінде туыстары, көршілері және оның орналасқан жері туралы хабардар болуы мүмкін адамдар сұралды. Алайда қабылданған шаралар оң нәтиже бермеді.

Өткен жылы бұл фактілерді тергеуді полиция қызметкері Асылжан Ирисметов қолға алған болатын. Қаратау аудандық полиция басқармасының тергеушісі жинақталған материалдарды зерделеп, сұрастыру мен іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды.

Полицейдің табандылығы ақталды. Халықаралық іздестіру нәтижесінде 49 жастағы құқық бұзушы Өзбекстан аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені анықталды. Желтоқсан айында ол Шымкентке депортацияланды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, ұсталған азаматтың кінәсін растайтын барлық дәлелдемелерді қоса, қылмыстық істің 4 томы сотқа жолданды. Сот үкімімен ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тәртіп сақшыларына шынайы алғысын білдіріп, тергеуші Ирисметовтің кәсібилігін өзгеше атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді