Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының полицейлері ауласында 2 тоннаға жуық есірткі өсірген азаматты анықтады

Жамбыл облысының полицейлері ауласында 2 тоннаға жуық есірткі өсірген азаматты анықтады
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының полицейлері ауласында 2 тоннаға жуық есірткі өсірген азаматты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері ҚР ІІМ ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен, Жамбыл ауданының прокуратурасымен және ҚР ҰҚК “Бүркіт” АББ, ҚР ҰҰ 5513 ә/б қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР ҚМ-нің “БПЛА” пилотсыз ұшатын аппараттарын пайдалана отырып, “Қарасора – 2023″ жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысындағы жедел ақпараттарды іске асыру кезінде Жамбыл ауданы Бесжылдық ауылының 39 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізді.

Аумақты және қосалқы шаруашылық құрылыстарын тексеру барысында каннабис өсімдіктері табылып, тәркіленді. Күдікті осындай 1396 бұта егіп, өсірген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 1 тонна 718 келі 980 грамм кептірілмеген марихуана.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР КҚ-нің 300-бабы 2-бөлігі (Егу немесе өсіру тыйым салынған өсімдіктерді немесе құрамында есірткі заттары бар қарасора, көкнәр немесе басқа да сорттағы өсімдіктерді өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді, – деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді