Бс, 01 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршінді анасына тауып берді

БҚО полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршінді анасына тауып берді
Фото: polisia.kz

БҚО полицейлері жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршінді анасына тауып берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28 тамыз күні сағат 22:00 кезінде Жәнібек аудандық полиция бөліміне 32 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны хабарласып, 3 жасар Айару есімді қызының жоғалып кеткені туралы айтып, арыз қалдырған.

Ауыл тұрғыны Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылына қонаққа бара жатып, жолшыбай мінген автокөліктен қызы екеуі түсіп қалған. Қараңғы түскен уақытта әйел қызымен келе жатып, кенет қызынан көз жазып қалған. Бойын үрей билеп, бірден жан-жағынан іздеп қарай бастайды, бірақ нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Іздеу іс-шарасына 200-ден астам полиция қызметкері қатысып, соның ішінде шекара, төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік және жергілікті ауыл тұрғындары, барлық аудан қызметтері ат салысқан.

Іздеу салынған Айару таңғы 04:00-де шекара қызметінің кинолог иттерінің көмегімен табылған. Қыз аман-сау аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті