Әлеуметтік желілерде Алматыда ер адам кішкенқай қызға қырындағаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Алмалы ауданында болған. Тұрғындар қыздың айқайлаған дауысын естіген. Көмектесуге ұмтылғандар сол жерден ер адамды көрген. Ол тез киініп, қашуға тырысқан.
Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Күдікті жауапқа тартылды. Басқа жағдайлар анықталуда", – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Алайда ер адамның қандай бап бойынша жауапқа тартылғаны нақтыланбады.