Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысының әкімдігі 15 жастағы оқушы қыздың өліміне қатысты пікір білдірді

Жетісу облысының Панфилов ауданында зорланып, ажал құшқан 15 жастағы оқушы қызға қатысты әкімдік пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

"Бүгінгі күні қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады. Жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында", - дейді ҚазАқпарат агенттігіне пікір білдірген Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Думан Алтынбекұлы.

Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, аталған ақпаратты растаған болатын. Ведомствоның хабарлауынша, 1984 жылы туған күдікті қазір ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Еске сала кетейік, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3, 10 және 14-тармақтарымен, сондай-ақ 120-бабтың 3-1-бөлігінің 1-тармағымен қозғалғаны көрсетілген. Кінәсі дәлелденсе, күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады