Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысының полицейлері 7 келіге жуық есірткі тәркіледі

Жамбыл облысының полицейлері 7 келіге жуық есірткі тәркіледі
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының полицейлері 7 келіге жуық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел-ақпараттық жұмыстарды жүргізу барысында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының аумағында орман шаруашылығының құмды аймағында Тараз қаласының 29 және 30 жастағы тұрғындары болған Volkswagen автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің артқы орындықтарын тексерген кезде иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 6,8 келі болатын кептірілмеген марихуана болып шықты.

Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. Олар Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

– Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапта 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты